Семейде психдиспансердің директоры емделушілерді саяжайда жұмыс істеуге мәжбүрлеген

© Vita-artic.ru

Семейде емделушілерді жеке мақсатына пайдаланған психоневрологиялық мекеменің директорына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің" төрағасы Қарлығаш Бергенева 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Арнайы тексеріс кезінде директордың "Туа бітті 2-топтың мүгедегін" қызының саяжайына жұмыс істеуге жібергені анықталды. Директордың тағы жеті адамды басқа да жерлерде жұмыс істеуге мәжбүрлегені белгілі болды.

Қалалық прокуратура Қарлығаш Бергеневаға қатысты істің материалдарын №2 сотқа жіберген. Сотталушы кінәсін мойындады. Сотталушының жасын (62 жаста) ескере отырып, сот жазаны жеңілдетті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама