Семейде қар үстіне асфальт төсегендердің видеосы жарияланды

видеодан үзінді

?леуметтік желіде Семейде ?ар ?стіне асфальт т?сегендерді? ?рекетіне наразылы? білдірді. ?з кезегінде коммуналды? ?ызметті? ?кілдері м?ндай ж?мысты? жа?а технологияларды пайдалану ар?ылы істеле беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Семейде қар үстіне асфальт төсегендердің әрекетіне наразылық білдірді. Өз кезегінде коммуналдық қызметтің өкілдері мұндай жұмыстың жаңа технологияларды пайдалану арқылы істеле беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада үшінші күн қатарынан қар жатыр. Алайда жол жөндеушілерге бұл кедергі емес. Әлеуметтік желіде Семейдің Красный кордон ауданының тұрғыны түсірген видео пайда болды. Видеода жол жөндеу ұйымының жұмысшылары қар үстіне асфальт төсеп жатқаны түсірілген. 

Видео авторының айтуынша, жөндеу жұмыстары "Боровая көшесінде жүргізіліп жатыр. "Жаз бойы қиналдық, жол жоқ еді. Ал енді міне қардың үстіне асфальт төсеп жатыр", - деп жазды видео авторы. 

Реклама
Реклама

Жергілікті әкімдіктің жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің өкілдері осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаңа технологиялармен істеуге болады. "Ауа райы нөлден жоғары кезде асфальт төсей беруге болады. Технология бойынша олар қарды тазалап, сосын барып асфальт төсеуі керек еді. Бірақ бұл жөндеу емес, апатты аймақтарға асфальт себу жұмыстары. Мұнда фрезамен өңделкен асфальт төселеді. Негізінде біз жөндеу жұмыстарын аяқтап қойғанбыз. Бұл жұмыстар бюджеттен бөлек істеліп жатыр. Менің білуімше, жергілікті депутат осыған бастамашы болған. Ол жергілікті тұрғындарға көмектескісі келіп, шұқырларды жамауды қолға алған. Мұндай жағдайда себу үшін осы технология рұқсат етілген", - деді ведомство өкілдері. 

Сонымен қатар, бөлім басшыларының айтуынша, бұл жұмыстар ұзақ мерзімге арналмаған, тек маусымаралық, яғни көктемге дейін, ал ол кезде негізгі жұмыстар басталады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама