Семей әкімі коронавирус жұқтырды

Ермак Сәлімов. Фото yk-news.kz сайтынан

Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Құрметті жерлестер! Сіздерге келесі жағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады", - деп жазды әкім. 

Реклама
Реклама

Ол бүгіннен бастап қатаң оқшаулау режимінде болатынын мәлімдеді

"Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", - деп жазды Сәлімов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама