ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2021 | 08:36
"Семей ханымы" титулының иесі ТКШ бөліміне басшы болды
Семейге жаңа әкім келіп, ауыс-түйіс басталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев қызметтен босатылды. Енді басшының міндетін "Семей ханымы - 2019" атанған Диана Шаяхметова атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Семейдің сұлу келіншегі атанған Диана бөлімде басшының орынбасары болып жұмыс істеген. Ол - төрт баланың анасы.
Алайда бөлімнің бұрынғы басшысы жұмыстан босатылуымен келіспейді. Өтелбаевтың айтуынша, оған "әділетсіздік жасалған".
"Мені саябақтың кесірінен бәріне кінәлі қылып қойды. Бұл бұрынғы әкім Сәлімовтің кінәсі болатын. Нәтижесінде бұл соққы маған тиді, ол "ақ адал" болып шыға келді", - деді басылымға бөлімнің экс-басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также