ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2019 | 12:55
Семей қаласында шенеунікке пара алды деген айып тағылды
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол жерге орналастыру жобасына қол қойғаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және келу туралы келіп түскен міндеттемеге байланысты қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
Показать комментарии
Читайте также