06 мамыр 2023 | 11:25

Семей мен Қазан ескерткіш алмасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жақында Семейде татар ақыны әрі журналисі, Кеңес Одағының батыры Мұса Жалилге ескерткіш ашу жоспарланған. Ал, Татарстан астанасы Қазан қаласында қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жақында Семейде татар ақыны әрі журналисі, Кеңес Одағының батыры Мұса Жалилге ескерткіш ашу жоспарланған. Ал, Татарстан астанасы Қазан қаласында қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ескерткіштерді орнату туралы айтты.

Реклама
Реклама

"Жамақаев көшесінде, Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің қарсысында өнер алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Сол жерде төрт тақырыптық алаңның бірінде Мұса Жалилге ескерткіш орнату жоспарланған. Былтыр Сабантой мерекесіне Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы келіп, сол жерде осы ой айтылды. Қазан қаласына Абай Құнанбаевтың ескерткішін апарып орнатамыз. Бізде осындай келісім бар", - деді Ұранхаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная