ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 шілде 2026 08:23
“Семей орманындағы“ өрт: қазіргі уақытта не белгілі?
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында ірі орман өрті сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 769 адам, 191 жер үсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылды.
"Барлық жұмылдырылған қызметтің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында ашық жану жойылды, қазіргі уақытта бықсыған жекелеген ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түн бойы жеке құрам өртті оқшаулау жұмыстарын жалғастырды", - деп хабарлады Экология министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, тікұшақтардан 219 рет су төгіліп, өрт ошағына 474 тонна су жеткізілді.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Экология министрлігі жағдайдың тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.
Абай облысында жүздеген құтқарушы жерден және әуеден орман өртін сөндіріп жатыр
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу