16 ақпан 2021 10:15

Семей полицейлері моншада демалған: басшылық тексеру бастады

Әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті пайда болды. ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті пайда болды. ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейдегі монша кешендерінің бірінде түсірілген суреттерді алдымен қоғам белсендісі Руслан Лазута жариялады. Кейін кадрлар Facebook, Instagram және WhatsApp-та тарала бастады. Жарияланым авторының айтуынша, суретте қаланың жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар. Олар Семей ЖПҚ басшысы лауазымына тағайындауды атап өткені жазылды. Сондай-ақ, отырыс осы қаңтарда өткен. 

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде шынымен Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталған факт бойынша ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру бастады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram