ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2020 | 17:09
Семей полициясының басшысы бопсалау туралы шағымнан кейін қызметінен босатылды
Семей полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов қызметінен кетеді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басшысына қатысты сот ісі Facebook қолданушысы жариялаған шағымнан кейін басталды. Ол Мақсат Зекеновты жеке құрамнан ақша талап етті деп айыптады.
Шағымның толық мәтінімен мына сілтемеден оқуға болады.
Өңір әкімі Семейдің бас полицейі жақын арада қызметінен кететінін атап өтті.
"Біз желіде қарап отырған барлық деректі мұқият талдаймыз. Жақын арада басқарма басшысы немесе Семей қаласының полиция басшысы қызметінен кетеді", - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Семей қалалық полиция басқармасының басшысы қызметіне Мақсат Зекенов 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол қаланың Орталық полиция бөлімін басқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также