ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2022 | 08:50
Семейде автобус өртенді: зардап шеккендер жоқ
Семейде автобус өртенді. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейде автобус өртенді. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 қарашада сағат 14:40-та Абай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының "102" нөміріне Семейде Әуезов даңғылында автобустың өртеніп жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. Кейін әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар пайда болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында автобустың қаладағы бір ұйымға бекітілгені және қоғамдық тасымалдауға ешқандай қатысы жоғы анықталды.
Қозғалыс кезінде жүргізуші мен жолаушылар қозғалтқыш бөлігінен түтін шыққанын көрген. Жүргізуші көп ойланбай нұсқаулыққа сәйкес әрекет ете бастаған, үш жолаушыны эвакуациялап, кейін өртсөндірушілер бригадасын шақырған. Олар келгенге дейін өртті өздігімен сөндіруге тырысқан. Өрттің шығу себебі сараптама арқылы анықталады.
Полиция қызметкерлері құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнын қоршауға алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также