16 сәуір 2023 | 09:25

Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу басталды

Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция қызметкерлері Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында қаладағы білім беру мектептерінің бірінің оқушылары құрдастарына дене жарақатын салған видео табылды.

Бейнежазбаға қарағанда, оқиға күндіз Шіркеу аялдамасының маңында болған. Полицияның мәліметінше, төбелес 10 сәуірде болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

Реклама
Реклама

"15 сәуірде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - "Бұзақылық "бойынша соталды тергеу басталды. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, заңды өкілдерімен бірге олар Полияция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары Жандарбек Ахметжанов.

Еске салайық, бұған дейін Өскемен полиция қызметкерлері камера алдында қатарласын шешінуге мәжбүрлеген бір топ жасөспірім қыздың видеосын тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная