Семейде бірнеше үй ауласын өзен суы басқан

Семей ТЖД баспасөз қызметі

Семейде жеке сектор үйлерінің аулаларын өзен суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде жеке сектор үйлерінің аулаларын өзен суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей ТЖБ өкілдерінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 02:00-де Семей өзенінде мұздың қатуына байланысты жеке сектордағы үйлердің аумағын су басқан. Бұл туралы "Восточный правый" ауданының тұрғындарынан хабарлама түскен.

Реклама
Реклама

"10 желтоқсанда сағат 02:00 шамасында 112 нөміріне "Восточный правый" ауданында Семей өзенінде мұздың қатуына байланысты су басып туралы хабарлама келіп түсті. Осы жағдайдың салдарынан жеке сектордағы тұрғын үйлердің үш ауласын су басты. Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауланы аралау жұмыстарын жүргізді. Қазір жағдай тұрақты, - деді Семей Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Талғат Дюсебаев.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өзендегі су деңгейінің көтерілуі гидрологиялық бекеттен төмен тасқынның салдарынан болған. Құтқарушылардың айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Қазгидромет пен Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары Ертіс өзеніндегі су деңгейі мен мұз жағдайын бақылап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама