ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2022 | 11:00
Семейде ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді
Семейде ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейде ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның туыстарына 3 бөлмелі пәтер берілді.
7 қыркүйекте Абай облысы Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаев денесін күйік шалып, қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапты. Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы қалған.
12 қарашада "Фирма Азия" ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқұжанов марқұм Айдос Тоғызбаевтың әйелі мен балаларына 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Айдос Тоғызбаевтың отбасына Мемлекет басшысының атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также