Семейде итті ағашқа асып өлтіргендер іздестіріліп жатыр

©️ ktk.kz

Семейде итті аяусыз өлтіргендер іздестіріліп жатыр. Олар итті ағашқа шынжырмен байлап, оның азаптанып өлуін қарап тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Семейде итті аяусыз өлтіргендер іздестіріліп жатыр. Олар итті ағашқа шынжырмен байлап, оның азаптанып өлуін қарап тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өлген жануарды жаяу жүргіншілер байқап қалған. Ит ағашқа байланған күйде табылған. Жергілікті тұрғындар жануарды тым кеш тауып алғандарына өкінеді, өздігінен босап шығуға еш мүмкіндігі болмаған.

Ит, барынша аман қалуға тырысқан тәрізді, ағаштың қабығын жұлмалап тастапты. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған. Қазір куәгерлерден жауап алынып, оқиғаға куә болған адамдар іздестіріліп жатыр. Жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбалары да тексеріліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігі бойынша – "Жануарға қатыгездікпен қарау, оның өліміне алып келу" бойынша Затон полиция бөлімінде тіркелді. Аталған құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", – деді Абай облысы ПД анықтау басқармасының бастығы Талғат Еліков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама