ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2020 | 16:16
Семейде жоғалған Айым Қамзаеваның денесі табылды
Семейде жоғалып кеткен Айым Қамзаеваның денесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейде жоғалып кеткен Айым Қамзаеваның денесі өзен жағасынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Бүгін Семейде жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында Бобровка саяжай алабы маңында өзен жағасында қыздың мәйіті табылды. Тергеу және тану әрекеттерінің нәтижесінде, мәйіттің хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 2000 жылғы қыз екені анықталды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасады, - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.
Қыздың денесінен көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сондай-ақ, бұған дейін аталған жерді қарау мүмкін болмаған, себебі өзен суы деңгейінен асып кеткен. Қыздың денесін Lider.kz еріктілері тапты.
Еске салайық, 19 жастағы Айым Қамзаеваны іздестіру жұмысы 4 мамырда басталған болатын. Ол үйінен шығып кеткен соң байланысқа шықпаған.
Оны іздестіруге 500-ден астам полиция қызметкері мен сүңгуірлер жұмылды, олар жеті шақырым өзен түбін зерттеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также