Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер Tengrinews.kz тілшісіне оқиға орнынан видео жолдады. Жол апаты Семейде Мұхамедханов - Абай көшелерінің қиылысында өткен түнде болған.

"11 мамырда сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі мен Honda мотоциклы соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама