Семейде жүргізуші құрбысын капотқа мінгізіп серуендеткен: екеуі де жазаланды

Семейде жүргізуші құрбысын капотқа мінгізіп серуендеткен: екеуі де жазаланды Фото: polisia.kz

Семейде көлік капотындағы қауіпті сапарды полиция тексерді. Әлеуметтік желілерде ерекше "аттракцион" түсірілген видео тараған соң, құқық қорғау органдары қатысушыларды тауып, жауапқа тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қарағайлы шағын ауданында болған. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Toyota RAV4 көлігінің капотында қыздың отырғанын көруге болады.

Полиция қызметкерлері интернетке мониторинг жүргізу барысында видеоны байқап, екі қатысушының да тұлғасын анықтады.

Жарнама
Жарнама

Белгілі болғандай, көлік тізгінінде Семей қаласының 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көлік салонынан тыс жерде тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзып, қозғалыс кезінде көліктің капотында болған 24 жастағы жолаушыға да жаза қолданылды.

Абай облысы Полиция департаменті мұндай ойын-сауықтың адам өміріне қауіпті екенін ескертті. Тіпті сәл ғана тежеу, шұғыл маневр жасау немесе жол-көлік оқиғасы адамның құлауына және ауыр жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды әлеуметтік желілердегі әсерлі кадрлар үшін өмірін қатерге тікпеуге шақырып, жолдың қауіпті эксперименттер жасайтын орын емес екенін еске салды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама