ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2021 | 12:12
Семейде мұғалімдер сабақтан босатылып, көше тазалауға жіберілген
Семей тұрғыны мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына сенбілікте қала көшелерін тазалап жүргенін суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семей тұрғыны мектеп мұғалімдері сабақ өткізудің орнына сенбілікте қала көшелерін тазалап жүргенін суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол суреттерді басылым редакциясына жіберіп, 16 қазанда мұғалімдер сенбілікке шыққандықтан, баласының сабақтары болмағанын айтқан. Бұл жағдай ата-ананың ашуына тиген.
"Бүгін сабақ болмады. Мұғалімдерді сенбілікке жіберген екен. Жұмысқа бара жатқанда, "Пестель" аялдамасының жанындағы Шәкәрім даңғылын сыпырып жатқанын көрдім. Сабақ өткізудің орнына, неге сенбілікке жіберген? Бізде коммуналдық қызмет не үшін?
Мектепте сабақ өткізбей, мұғалімдерді көше тазалауға жіберу - шектен шығу. Әркім өз ісімен айналысуы керек. Былтыр пандемияға байланысты дұрыс оқымады. Енді мұғалімдер соның орнын толтыруы керек", - деп жазды ата-ана.
Семей қаласы білім бөлімінің бастығы Наталья Фесенко сенбілікке қатысты департамент ешқандай бұйрық бермегенін айтты.
"Мен жаңа директорларға мұғалімдер неге сабақ кестесіне сәйкес сабақ жүргізбегені туралы жаздым. Бұл не? Әлі ешкім жауап берген жоқ. Бірақ кураторларға анықтасын деп тапсырма бердім", - деді Наталья Фесенко.
Басылым тілшісі 16 қазанда сенбілік ұйымдастыру туралы бұйрықты тапты. Оған қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қол қойған.
Құжатқа сай бөлім басшыларына барлық мекемелер мен кәсіпорындарға сенбілік ұйымдастыру тапсырылған.
Ал "Мұғалімдердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес, "мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмысқа тартуға" рұқсат етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также