13 наурыз 2020 | 17:50

Семейде ОАР азаматы коронавирус симптомдарымен ауруханаға жеткізілді

Видео кадрынан

Оңтүстік Африка Республикасының азаматы Семейде коронавирус симптомдарымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африка Республикасының азаматы Семейде коронавирус симптомдарымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазір Семейде түсірілген видео таратып жатыр. Роликте қорғаныс костюмін киген дәрігерлердің Семей ауруханасынан арнайы зембілмен адамды алып шығып келе жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Бұл ОАР-дың 1949 жылы туған азаматы. Семейде жұмыс істейді. Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы ШҚО-ға техникалық жиналысқа келген. 12 наурызда сырқаттанып қалды, дене қызуы көтерілген, тұмауы бар. Әрекеттер алгоритмі бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы пациентті қорғаныс костюмімен инфекциялық стационарға жеткізу бойынша іс-шара өткізді. Пациент қазір ауруханада", - деді ведомствода. 

Қазіргі уақытта пациенттің диагнозы - орташа ауырлықтағы ЖРВИ және бронхит. Жалғаспалы диагнозы - 2 типтегі қант диабеті. 

Пациенттен COVID-2019 вирусын тексеру үшін сараптама алынған. Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын әзірше растамады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная