Семейде оқушы суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

Фото: arnapress.kz

Семейде жетінші сынып оқушысы Ертіс өзеніне батып кете жаздады. Оны сыныптасы судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлайды Аrnapress.

Семейде жетінші сынып оқушысы Ертіс өзеніне батып кете жаздады. Оны сыныптасы судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлайды Аrnapress.

Тәртіп сақшыларының хабарына қарағанда, 1 мамырда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне куәгер Ертістегі "Чайка" ауданында кәмелетке толмаған бала суға батып кеткенін айтып хабарласқан.

Бірақ полицияға түскен бұл ақпарат расталмады - бала аман қалды.

Реклама
Реклама

"11 жастағы балаға алғашқы медициналық көмек көрсете білген сыныптасы, 11-інші мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Омаровтың әрекетінің арқасында тірі қалды", - деді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальоны суға батып кете жаздаған баланы жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная