13 маусым 2023 | 11:00

Семейде өртке жол бермеу үшін орман ағаштары кесілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Семейде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде өрттің жалпы ауданы 60 мың гектарға жуық, оның 43 мың гектар жері өте қатты жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр.

"Шығыста ауыр техника орман ағаштарын кесіп, өрттің таралуының алдын алып жатыр. Қалған екі аймаққа жету қиындығын ескере отырып, жаяу және тікұшақпен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Абай облысының әкімі.

Реклама
Реклама

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, жалпы өртті сөндіруге 1788 адам, 345 техника, 15 тікұшақ жұмылдырылған.

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртті сөндіру туралы айтқан болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы Сырым Шәріпханов өрттің Семейге таралу қаупіне баға берді. Сондай-ақ, ол Абай облысындағы өрт қашан ауыздықталып, сөндірілетіні туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная