07 қаңтар 2021 | 15:42

Семейдегі жаңа үй тұрғындарын су басты

Видео кадры

7 қаңтарда Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа үйдің жоғарғы қабатынан су аға бастаған. Шатырда ыстық су құбыры жарылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

7 қаңтарда Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа үйдің жоғарғы қабатынан су аға бастаған. Шатырда ыстық су құбыры жарылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары қабаттағы пәтерлерді су басқан. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, су бірінші қабатқа дейін жеткен. 

Реклама
Реклама

Суды тоқтату үшін ПИК қызметкерлері құбырды жапты. Алайда сырттағы ауа температурасының 30-40 градус болуы жағдайды қиындатып тұрған көрінеді. 

"Бізде топан су болып жатыр! Мұндай үйде қалай өмір сүруге болады? Біздің көшкенімізге бір жыл да болған жоқ. Кейін не болмақ? Бұл жаңа үй! Үй салушылар, қараңдар мынаған!", - дейді тұрғындар. 

Тұрғындар су қатып, мұз болып қалмауы үшін түні бойы үйді тазалап шыққан. Айта кетейік, тоғыз қабатты үй 2019 жылы қолданысқа берілген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная