ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2020 | 15:13
Семейдегі ПТР-тест зертханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды
Семей қаласының тұрғыны ПТР-тест тапсыруға арналған зертханада ұзын-сонар кезекті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Arnapress.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семей қаласының тұрғыны ПТР-тест тапсыруға арналған зертханада ұзын-сонар кезекті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Arnapress.kz.
Зертханалардағы ажиотаж көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін басталған көрінеді. 2 қарашадан бастап шығыс қазақстандықтарға жолаушылар пойызы мен ұшаққа ПТР-тестінің нәтижесі болмаса өңірден шығуға тыйым салынған.
Алдын ала сатып алынған билеттер жарамсыз болып қалмауы үшін адамдар зертханаға бара бастаған. Осылайша клиниканың алдында ұзын кезек пайда болған. Видеодан адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтамағанын көруге болады.
"Осындай мәселе. Біздің санитарлық дәрігерлердің жаңашылдығынан кейін Семейдегі ПТР-тест тапсыруға арналған зертханаларда кезек пайда болды. Масқара, не болып жатыр?! Бұл бассыздық қой! Қаулы жұма кешке шықты. Көбінің билеті жарамсыз болып қалады. Қазір кіреберістерде СЭС қызметкерлері тұр, олар әуежайға анықтамасыз кіргізбейді", - дейді Серік есімді қала тұрғыны.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также