13 ақпан 2020 | 11:48

Семейлік оқушылар өнертабысы үшін авторлық құқыққа ие болды

Зияткерлік мектеп ұстазы мен оқушылары өздерінің өнертабыстары үшін авторлық құқыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зияткерлік мектеп ұстазы мен оқушылары өздерінің өнертабыстары үшін авторлық құқыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін 2020 жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Физика әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Асхат Советханұлы Жұмабеков оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге, сондай-ақ мектепте физиканы оқыту әдістері туралы авторлық куәлікке ие болды.

Реклама
Реклама

"Физика пәнінде берік білімді ойдағыдай қалыптастырудың маңызды факторы - оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға зияткерлік және эмоционалды дайындығының арқасында сабақта олардың танымдық ынтасын дамыту. Қазіргі уақытта мектептер алдында ХХІ ғасырдың жаңа көшбасшысын қалыптастыру және оның шығармашылық белсенділігін арттыру міндеті тұр. Мұғалімдердің міндеті - оқушының ой-өрісіне еркіндік беріп, тиімділігін арттыру деп санаймын", - дейді Асхат Советханұлы.

Бұдан бөлек жас ғалым Бек Кадесов, Әлішер Рымқан есімді өзінің 11 сынып шәкірттерімен бірлесе отырып, онкотерапияда қолданылатын алтын нанобөлшектердің құрылымын зерттеуге арналған табысты жұмыстары үшін авторлық құқық алды. Бұл зерттеуге олар бір жарым жыл уақыт жұмсаған. Бұл зерттеу химиотерапия және сәулелік терапияның дәстүрлі құралдарына балама табу мақсатында жүргізілді. Бірқатар тәжірибелер нәтижесінде медициналық мақсатта қолданылатын, дұрыс сфералық пішіндегі алтын нанобөлшектері алынды. Осы мақсатқа жету үшін мектебіміздің, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Д.Серікбаев Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің зертханаларында әртүрлі тұрақтандырғыштар, алтын нанобөлшектерін табу және анықтау әдістері зерттелді.

"Шәкірттерім өте жақсы жұмыс жасады. Алынған алтын нанобөлшектердің құрылымын зерттеу үшін бөлшектердің морфологиясын және олардың мөлшерін анықтауда спектрометрия және тарату электронды микроскопиясын қолдану арқылы тәжірибелер жүргізілді. Ең ұзақ кезең - пайдалы әдебиетті және осы бағыттағы дереккөздерді зерттеу болды. Көздеген мақсатқа жету үшін оқушылар физика, химия, математика, биология және компьютерлік модельдеу пәндері қатар қарастырылды. Бұл зерттеу STEAM-дағы пәнаралық және онкологиялық терапиядағы әдістерді жетілдіруге ықпал етеді. Алтын нанобөлшектерді қолдану компьютерлік модельдеумен көрінді. Болашақта қатерлі ісік жасушалары бөлімдерінде алтын нанобөлшектерін сынау жоспарлануда. Ол үшін Семей қаласындағы  ядролық медицина және онкология ғылыми-зерттеу институтымен меморандум жасасу ойымызда бар. Осы ретте бізге қолдау білдірген мектебімізге, ата-аналарымызға, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің PhD аға оқытушысы, ғылыми кеңесшіміз А.Н.Кливенкоға, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бас маманы А.В.Джеске алғысымызды білдіреміз", -дейді жоба жетекшісі Асхат Жұмабеков. 

Биыл 11-14 ақпан аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайынғы республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізуде. Оған мектебімізден Бек Кадесов, Әлішер Рымқан, Ұлан Сейітқалиев, Әлішер Сәбиғалиев сынды оқушылары қатысуда. Қорытынды кезеңге 751 жас зерттеуші жұмыс жасаған 590 ғылыми жоба ұсынылыпты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная