Шемонайхада денесі күйіп қалған балаға америкалық дәрігерлер ота жасайды

Иллюстрациялық сурет: kn.ks.ua

Бір жыл б?рын денесіні? 85 пайызын к?йік шал?ан шемонайхалы? 11 жаста?ы бала?а америкалы? д?рігерлер ота жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бір жыл бұрын денесінің 85 пайызын күйік шалған шемонайхалық 11 жастағы балаға америкалық дәрігерлер ота жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баланың қиын жағдайы туралы Facebook желісінде Мәжіліс депутаты, балалар құқығы бойынша бұрынғы уәкіл Зағипа Бәлиева жазған болатын.

"Бала аураханада және сараптамалар өткізіп жатыр. Америкалық дәрігерлерге де алғысымыз шексіз. Анасы баланы алып Астанға таңғы 4:50-де келді, оларды Қуат Ахметжанов күтіп алды. Олар Астанаға алғаш кеп тұр, сондықтан Бәйтеректі көрсетуді сұраған. Қуат оларға қаланы аралатты. Осылайша, балақайдың бір арманы орындалды. Енді оның басты арманы денсаулығымен байланысты, дәрігерлер көмектеседі деген үміттемін", - деп жазыпты Балиева.

Реклама
Реклама

Баланың қалайша күйіп қалғаны хабарланып отырған жоқ. 

Мұның алдында Таразда балалар ойнап жүріп, 6 жастағы ұлды өртегені хабарланған. Оқиға 17 маусымда болды. 

Кейінірек Балиева осы оқиға мен вагондардың аударылуынан мерт болған баланың өліміне қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, қайғылы оқиғалардың басты себебі ересектердің жауапсыздығы. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама