12 маусым 2020 15:44

Сенат депутаттарының сайлауына қанша ақша жұмсалады?

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады Мұстафина ОСК-дағы брифингте.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бұл ақша сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, сайлау компаниясының қызметін ұйымдастыру үшін қажетті полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram