17 маусым 2021 | 14:47

Сенат депутаты мемкомпаниялар активінде моторлы яхта, кафе мен қонақүй барын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина квазимемлекеттік компаниялар активінде моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, кафе мен қонақүй бар деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина квазимемлекеттік компаниялар активінде моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, кафе мен қонақүй бар деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палата отырысында сенат депутаты квазимемлекеттік компаниялардағы активтерді басқару ұлттық ресурстың көбеюіне және олардың әл-ауқатының өсуіне ықпал етпейтінін, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерін жүйелі түрде қаржыландыру оларды қаражатты ұтымды пайдалануға ынталандырмайтынын айтты.

"Портфельдік компаниялардың жекелеген жобаларға салған инвестиция нәтижелері іс жүзінде нөлге тең. Мысалы, "ҚТЖ" ұлттық компаниясы" АҚ-да ақталмаған жобалар барлық іске асқан жобаның 75 пайызын алады. Бұл 16 жобаның 12-сі", - деді депутат Сенат отырысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, штатта тиісті мамандар бола тұра кеңес беру қызметтері үшін басқа ұйымдарды тарту тәжірибесі бар. Бұл ретте кеңесшілердің ақысы және басқа шығындарды есептеудің бірыңғай әдістемесі мен есептері жоқ. 

"Бұдан бөлек квазимемлекеттік сектор субъектілерінің теңгерімінде бейінді емес активтер - моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, дәмхана, қонақүй бар. Олар коммерциялық пайда әкелмейтін, сатып алуға және күтіп-ұстауға арналған шығындары бар басқа да инфрақұрылым бойынша мәселелер бар. Портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалауды көздеу қажет", - деп қосты сенатор.

Сондай-ақ, Перепечинаның айтуынша, мемлекеттік тапсырманы іске асыруға байланысты сұрақтар да бар.

"Қаржы министрлігі бұйрықты бұза отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша есепті сайтқа жарияламайды. Яғни, мемлекеттік тапсырмаларды орындаушылардың қандай критерийлер бойынша анықталатынын, мемлекеттік қызметтердің қаншалықты тиімді көрсетілгенін білмейміз", - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная