Сенат депутаты Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Сенат депутаты Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды Фото: parlam.kz

Бұған дейін БҚО әкімі болып тағайындалған сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БҚО әкімі болып тағайындалған сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының отырысында сенатор Төреғалиевтің өкілетін тоқтату туралы шешім жарияланды.

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша, Нариман Төреғалиев БҚО әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына сәйкес Сенат депутаты Төреғалиевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін осы ұсынысты мерзімінен бұрын ұсынамыз", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Нариман Төреғалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы алтыншы шақырылымдағы Парламент Сенатының депутаты болып сайланып, Сенаттың тұрақты комиссиясының хатшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама