30 маусым 2023 | 09:40

Сенат және Мәжіліс депутаттары каникулға кетті

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары белсенді жұмыс істегенін атап өтті.

"Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болғанын, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная