14 сәуір 2022 | 10:47

Сенат "кибербуллинг туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сенат "кибербуллинг туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат "кибербуллинг туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат отырысында депутаттар жұртшылықты алаңдатып отырған "кибербуллинг туралы" заң жобасын қарады. Оның қорытындысы бойынша құжатты Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті. Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар айтып, заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.

Реклама
Реклама

"Сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттіктерді алып тастады. Соған сәйкес онлайн-платформалардың өкілдерімен өзара іс-қимыл кезінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға мән берілді. Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенаторлардың ұсынысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды. Тек балаға қатысты кибербулинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болады.

Балаларға қатысты кибербуллинг қандай болмақ, өзгесі қандай болады, сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды.
Осылайша, заң жобасының осы және басқа да бірқатар өзгерістері Мәжіліс депутаттарының қарауына жіберілді.

Осыған дейін шетелдік әлеуметтік желілердің ресми өкілдіктерін Қазақстанда міндетті түрде ашу туралы норма да жойылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная