Сенат комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Сенат комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды Фотоколлаж Tengrinews.kz, фото: parlam.kz

Сенат депутаттары палатаның алты тұрақты комитетінің төрағаларын сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары палатаның алты тұрақты комитетінің төрағаларын сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Андрей Лукин Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.

Асқар Шәкіров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Жарнама
Жарнама

Қаржы және бюджет комитетін Сұлтанбек Мәкежанов басқарды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Сүйіндік Алдашев сайланды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама