Сенат ҚР мен РФ арасындағы резиденттікті растайтын келісімді мақұлдады

© Otyrar.kz

Сенат "?аза?стан Республикасыны? ?кiметi мен Ресей Федерациясы ?кiметiнi? арасында?ы ?осарлан?ан салы? салуды болдырмау ж?не табыс пен капитал?а салы? т?леуден жалтару?а жол бермеу туралы конвенция ше?берінде ?аза?стан Республикасыны? ж?не Ресей Федерациясыны? у?кілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми ??жаттарды тану т?ртібі туралы ноталар алмасу нысанында?ы келісімді ратификациялау туралы" ?аза?стан Республикасы За?ыны? жобасына енген ?згертулерді ма??лдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Парламентіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Сенат "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталмыш келісімнің негізгі мақсаты Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу үрдісін жеңілдету. Бүгінгі таңда  құзырлы органдар өз салық төлеушісіне резиденттік сертификатын береді. Аталмыш құжат легитимділікті қамтамасыз ететін штампты қажет етеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестиция көлемі  соңғы  10 жылда  19 миллиард долларды құрады, ал ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы  2014-2015 жылдары  30 миллиард долларды құрады. Қазақстан мен Ресей арасындағы  тығыз байланысты ескере отырып,  салық төлеушілерден  ҚР мен РФ апостильдік қарым-қатынастан бас тарту ұсынысы келді", - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстанның салық төлеушілері мен "Атамекен" ҰКП атынан ЕАЭО елдерінен апостелінен бас тарту туралы  ұсыныс түсті.

Реклама
Реклама

Сенат осылайша,  "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама