14 наурыз 2024 | 14:21

Сенат спикері Бишімбаев ісі туралы айтты

Фото: Сот баспасөз қызметінен

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заң жобасы мен Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі қоғамымызда елеулі өзгерістерге әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заң жобасы мен Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі қоғамымызда елеулі өзгерістерге әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистердің сұрағына жауап берген Әшімбаев Бишімбаев ісі бойынша соттың объектив және әділ шешіміне күмәнданбайтынын айтты.

"Сот та, Жоғарғы Сот басшылығы да қоғам алдындағы, халық алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл жерде ешкім ешқандай манипуляцияға "ереді" деп ойламаймын. Қазір барлығы да процестің объектив, әділ және заңды өтуіне мүдделі. Әркім өз жауапкершілігін түсінеді. Сондықтан жантүршігерлік оқиға мен қазір жүріп жатқан сот процесі, заңның қабылдануы нәтижесінде жағдай өзгереді деп ойлаймын. Жақсы жаққа өзгереді. Бүгінде қоғам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етіп отыр. Біз жағдайды жақсартуға ұмтыламыз деп ойлаймын", - деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная