08 қазан 2024 | 10:54

Сенат спикері жасанды интеллект қаупі туралы айтты

Фото: parlam.kz

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат төрағасы өз сөзінде жасанды интеллект тақырыбына тоқталды.

"Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталастар тудыратын тағы бір өзекті мәселе-нейрон желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар прогресс үшін кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен қатар жаңа сын-тегеуріндерге ие", - деді Әшімбаев.

Реклама
Реклама

Сенат төрағасы жаңа мүмкіндіктер деструктив бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын үлкен тәуекелдер туралы айтты.

"Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі әдейі жалған ақпарат пен фейктердің таралуы болып отыр. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі мүмкін", - деді Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная