09 маусым 2022 | 14:23

Сенат спикері Назарбаевқа қатысты сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саясаттағы рөлі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саясаттағы рөлі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде саясатқа араласып жатқан жоқ. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, үлкен жағдайлар болғанда, мысалы референдум сияқты шаралар өткен кезде азамат ретінде, саясаткер ретінде міндетті түрде қатысады. 

Барлық мәселе заңда қалай көрсетілген, сол бойынша шешіліп жатыр. Конституцияға байланысты Президент құқықтары бар. Үкіметтің, Сенаттың, Мәжілістің құқықтары бар. Олардың бәрін заң жүзінде жүзеге асырып жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болған кезде Қазақстан азаматы ретінде өзінің даусын берді. Ол – әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстан саясатына араласып отырған жоқ", - деді Әшімбаев Сенатта журналистер сауалына жауап беріп.

Еске салайық, 5 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берген болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная