ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2022 | 12:23
Сенат спикері Президентке қастандық жасамақшы болды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентіне қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агентінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында журналистер Әшімбаевтан тұтқын кім екенін, оның журналист болып жұмыс істегені туралы не белгілі екенін сұрады.
"Ондай ақпарат болғанын мен де білемін, ол Telegram арналарында жарияланған болатын. Шынымды айтсам, ҰҚК бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ. Оның кім екенін білмейміз. Ресми ақпарат келген жоқ. Сондықтан бұл адам туралы ақпарат ресми түрде пайда болған кезде ғана біз оның қалай болғанын, не себепті болғанын түсіндіре аламыз. Сол кезде мен де бұл сұраққа жауап беремін", - деді Әшімбаев Сенат отырысында журналистердің сауалдарына.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также