24 ақпан 2022 | 11:49

Сенат төрағасы Әшімбаев Украинадағы оқиғалар туралы: Бейбіт шешімін іздеу керек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы оқиғаларға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы оқиғаларға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат спикерінің айтуынша, қазіргі жағдайда дауды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешуге ұмтылу маңызды.

"Біз жағдайдың шиеленіскенін көріп отырмыз. Ол жаңа кезеңге өтті. Ақпарат келіп жатыр, оған сәйкес жағдай шиеленістің жаңа деңгейіне көтерілді деп бағалауға болады. Бұл жағдайда келіссөздер арқылы осы қақтығыстың саяси бейбіт шешімін іздеу өте маңызды. Барлық мүдделі тарап шақырылған келіссөз. Келіссөздер барысында барлық қатысушы тарап мүдделері ескерілуі керек және БҰҰ шеңберіндегі келіссөздер тиімді болар еді", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.

Реклама
Реклама

Бұл ретте ол бүгінде БҰҰ осындай мәселелерді қарастыратын негізгі халықаралық ұйым екенін айтты.

"Сондықтан, бұл менің жеке пікірім, бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бар және барлық қажетті шешім қабылдануы керек деп есептейміз", - деп қосты Мәулен Әшімбаев.

Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная