Сенат төрағасы елорда атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттардың елорда атауын Астанаға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттардың елорда атауын Астанаға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысынан кейін журналистер Парламенттің жоғарғы палатасы спикерінен мұндай бастаманың себебін сұрады.

"Халықтың пікірі, осы біздің қала тұрғындарының пікірі ең негізгі фактор. Осындай ұсыныстар бар, осындай пікірлер бар, осындай ойлар бар. Осының бәрін естіп, Мәжілістің депутаттары осындай бастама көтеріп жатыр. Ең басты мәселе халық не дейді солай болуы керек. Сондықтан бұл жерде ешқандай саяси қойылымдар да емес, сіз айтқан мәселелер емес. Бұл жердегі ең басты мәселе - халықтың пікірін есту, халықтың пікірінің негізінде тиісті шешімдерді қабылдау", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама