05 наурыз 2019 | 14:11

Сенатор Әйтімова көпбалалылар туралы аудиохабарламаға қатысты пікір білдірді

Бірғаным Әйтімова. ©:parlam.kz

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан көпбалалылар туралы аудиохабарлама туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова WhatsApp мессенджерінде таралып жатқан көпбалалылар туралы аудиохабарлама туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандықтар мессенджер арқылы белгісіз бір әйелдің көпшіліктің көзінше көмек сұрайтын көпбалалы аналардың әрекетіне дөрекі түрде наразылық білдірген дыбыстық хабарламаны таратып жатыр. Аудио хабарламада сенатор Бірғаным Әйтімованың суреті жүр. 

Реклама
Реклама

"Ондай менің ойыма да кіріп-шыққан емес, себебі мен де көпбалалы отбасынан шыққанмын. Біз - төртеуміз. Бұл жалған және маған еш қатысы жоқ, ойша болсын, сөзбен болсын мұндай болуы мүмкін емес. Ашулы екенім рас. Мен оның кім екенін білмеймін, оның кімге керек болғанын да түсінбеймін. (...) Мен өзімде көпбалалы отбасынан шықтым, балаларым бар және біреудің айтқан балағат сөздерін өмірде қолданған емеспін", - деді Бірғаным Әйтімова тілшіге берген сұхбатында. 

Бірғаным Әйтімова көпбалалы отбасылардың қазіргі жағдай бұрынғы мәселені қайта қопарғанын атап өтті.

"Көпбалалы отбасыларға жыл сайын әр түрлі жәрдемақылар бойынша қолдау артып жатыр, шынын айту керек, аз мөлшерде қосылып жатқаны рас. Жағдай бойынша біздің қажетті көмекті мүлде жеткіліксіз етіп бөліп жатқанымызды көрсетті. Бүгін Президент айтқан және ұсынған барлық мәселеге қолдау көрсетіліп жатыр. Ел тарихында алғаш рет әр отбасының әлеуметтік картасы жасалады, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, мүгедек адамы бар отбасыларда. Қазір көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету үшін қажетті көмек көрсету мәселесі шешіліп жатыр", - деп толықтырды сенатор.

Депутат әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін әлеуметтік көмек елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты міндетті түрде артуы тиіс деп санайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная