ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2019 | 18:59
Сенаторлар Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалуын мақұлдады
Сенат депутаттары Кәрім Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуына келісімін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дариға Назарбаеваның төрайымдылығымен Сенат отырысы өтіп, депутаттар Президенттің Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындауына келісімін берді", - деп жазылған хабарламада.
Сенат Парламентінің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед "Кәрім Мәсімов өз жұмысында жоғары білікті, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адал мемлекет қызметкері ретінде көрсетті" деп айтты. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады.
Показать комментарии
Читайте также