18 ақпан 2021 | 12:21

Сенаторлар уран туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Фото ©РИА Новости

Сенат депутаттары уран өндіру мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары уран өндіру мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасына сәйкес, уран кен орындарын әзірлеушілер енді өз жұмысының салдарын жою жөніндегі жоспарларды заң жүзінде алдын ала ойластыруға міндетті.

"Жобаға толықтырулар енгізу ұсынылды, бұл мыналарға мүмкіндік береді:

Реклама
Реклама
  • уран өндіру кезеңін ұзарту шарттары мен рәсімдерін реттеу;
  • жобаға сәйкес кен орнында уран өндіру кезеңінде келісімшарт аумағының шегінде учаскеге барлау жүргізу;
  • жаңа кен шоғыры немесе уран шоғыры табылған жағдайда кен орнын игеру жобасына немесе уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына толықтыру шеңберінде оларға бағалау жүргізу;
  • уран өндіру саласындағы уәкілетті орган уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша құзыретті орган болып айқындалсын", - деп Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова.

Бұл ретте, кен орны қорының өсімі бастапқы көлемнің 30 және одан да көп пайызына жетсе, жер қойнауын пайдаланушы өңірде әлеуметтік-экономикалық жобаны іске асыруға міндетті болады.

Сенаторлар барлық тармақты қабылдады, бірақ жобалық құжаттарға тәуелсіз сараптама операторын құруға және уран кен орындарын игеруге қатысты нормаларды алып тастауға дауыс берді. Себебі Президент жаңа мемлекеттік және жеке операторларды құруға тыйым салғаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная