Сенатта Жоғарғы сот судьялары сайланды

viewings icon
1573
comments icon
0
Әмір Досжан, Қамбар Нұрышев. Фото: sud.gov.kz Әмір Досжан, Қамбар Нұрышев. Фото: sud.gov.kz

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышевтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышевтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары: Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан мен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбарды сайлау туралы ұсыныс енгізді. Ұсынылған тұлғалардың сотта тәжірибесі бар - 33 жылдан астам. Олар сот жүйесінде беделге ие және Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын", - деді Денис Шипп.

Депутаттар екі кандидатқа да дауыс беріп, кейін Әмір Досжан ант берді.

Реклама
Реклама

"Мен өз міндетімді адал және саналы түрде атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағынып, сот төрелігін жүзеге асыруға, судья міндетіне сай, бейтарап әрі әділ болуға ант етемін", - деді Әмір Досжан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная