03 сәуір 2024 09:30

Сенаттың бірінші төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болды

Фото: Сенат баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болған. (1996-1999 жылдар).

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарған.

Реклама
Реклама

"Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қоштасу рәсімі туралы ақпарат қосымша хабарланады", - делінген Сенат хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram