ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2023 | 10:32
Сенаттың жаңа депутаты Әсем Рахметова ант берді
Бүгін Сенат отырысында Солтүстік Қазақстан облысынан жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Сенат отырысында Солтүстік Қазақстан облысынан жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант беремін", - деді Рахметова.
Депутаттық корпустағы әріптестері оны сенатор болып сайлануымен құттықтап, осы салада табыс тіледі.
Ант қабылдағаннан кейін Әсем Рахметова Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комиссия құрамының мүшесі болып сайланды.
Еске салайық, 2 маусымда қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына сайлау болған еді. Сенатор мандатына облыстан екі үміткер ұсынылды. Дауыс беру нәтижесінде Amanat партиясы Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалдың төрағасы Әсем Рахметова жаңа сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардан74,4 пайыз дауыс жинаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также