Шенеуніктер Алматы көшелерінде қаптаған егеуқұйрықтар туралы видеоға қатысты пікір білдірді

© yamalpro

Санитарлы? д?рігерлер Алматы к?шелерінде егеу??йры?тарды? ?аптап ж?руіне байланысты м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық дәрігерлер Алматы көшелерінде егеуқұйрықтардың қаптап жүруіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың ойынша, кеміргіштердің ашық алаңдарда жүруінің себебі қоқыс жәшіктерінен дер уақытында қалдықтардың тазаланбауы. Осыған дейін әлеуметтік желіде күндізгі уақытта Алматы көшелерінде егеуқұйрықтардың қаптап жүрген видеосы жарияланған болатын. Кеміргіштер Алматының Бостандық ауданындағы Кихтенко және Жароков - Байқадамов көшелерінде байқалған. 

Реклама
Реклама

ҚР БҒМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Алматы қалалық департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарованың айтуынша, егеуқұйрықтардың толығымен көзін жою мүмкін емес, алайда дератизация жұмыстары олардың санын азайтады. Жұмыстар нәтижесінде Алматыда қазіргі уақытта тышқандар саны аз. Ведомство мәліметінше, егеуқұйрықтардың негізгі бөлігі жаппай дератизация кезінде көзі жойылған. Күзгі улау кезінде 35 мың гектар жер қамтылып, оның ішінде ашық жерлерде аулалар мен тұрғын үй секторында жұмыстар істелді. 

Бостандық ауданында түнгі мезгілде жүретін егеуқұйрықтардың күндізгі уақытта жүруі Әбдіжаппарованы еш таңдандырмайды. "Видеода қоқыс жәшігінің маңында жүрген егеуқұйрықтар тамақ қалдықтары үшін өз індерінен шыққан", - деді департамент басшысының орынбасары.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама