ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2023 | 14:00
Сенімнен шыққан шенеуніктер 3 жыл бойы мемлекеттік қызметке орала алмайды
Қазақстандық заңнамада мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар өзгеріс жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық заңнамада мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар өзгеріс жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Парламенттің қарауына мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы жіберілді.
"Сенімнен айырылуына" байланысты саяси қызметкерлерді Президенттің шешімімен жұмыстан босату мүмкіндігі енгізіліп жатыр. Осы себепті жұмыстан босатылған қызметкер үш жыл бойы мемлекеттік қызметке қайта орала алмайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, басқа аймаққа жіберілген жұмысшы жалға алған тұрғын үйдің ақысын алады. Агенттік мұндай норманы қызметкерлерді аймақтарға көшіруге ынталандыру деп атады.
"Мемлекеттік органдарға нақты жобаны орындау үшін уақытша келісімшарт (шарт) бойынша маман тарту мүмкіндігі беріледі. Мұндай қызметкерлер мемлекеттік лауазымдарды атқармайды, өйткені олар белгіленген уақыт ішінде тартылатын болады. Бұл жаңалық мемлекеттік басқаруды дамыту Тұжырымдамасына сәйкес енгізіліп жатыр", - деп толықтырды МҚІА.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жасау жоспарланып жатыр.
Бұған қоса, ведомство оңтайлы және тиімді құрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың басшы және атқарушы құрамының арақатынасын реттеуді анықтағысы келеді. Қазір кейбір мемлекеттік органдарда бір немесе екі қызметкерден тұратын бөлімшелер бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также