08 желтоқсан 2020 | 18:42

"Сергек": Алматы тұрғынына басқа адамның айыппұлдары салынған

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғыны "Сергек" камераларына қатысты мәселелерге шағымданды. Жазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Ер адам "Сергек" оның көлігінің нөмірін қате тіркейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны "Сергек" камераларына қатысты мәселелерге шағымданды. Жазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Ер адам "Сергек" оның көлігінің нөмірін қате тіркейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы мәселеге байланысты алматылық жүргізушіге басқа адамдардың айыппұлдары келеді екен.

Реклама
Реклама

"Сергек" Q әрпін О әрпі деп таныған. Айыппұлда көрсетілген телефон нөмірі қоңырау шалу мүмкін емес. Сәт сайын МАИ-ға барып, дәлелдеп отыруым керек пе? Айыппұл жазған адамның өзі Gelаndewagen мен ЗАЗ-ды ажырата алмай ма?" - деп жазды алматылық тұрғын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Алматы полиция департаменті Сергекке қатысты мәселелерді түсіндірді.

"Күн сайын жүйе бірнеше мыңдаған айыппұлды автоматты түрде тіркейді, уәкілетті қызметкер олардың әрқайсын тексеріп, ЭЦҚ қояды. Бұл жағдайда қате берілген айыппұл жойылады, базаға түзетулер енгізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, жыл соңына дейін Алматыда тағы 362 "Сергек" орнату жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная