22 тамыз 2023 09:29

"Сергек" Астанада жаңа жабдықты сынақтан өткізіп жатыр: ол нені бақылайды?

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астана жолдарында тағы бір ерекше камера байқалды. Әлеуметтік желіде видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана жолдарында тағы бір ерекше камера байқалды. Әлеуметтік желіде видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камераға "Сергектің" жаңа түрі деп ат қойып үлгерген. Бұл - камера корпусындағы құрылғы. Бірақ оптикалық құралдарсыз. Бейне авторы бұл датчик екенін айтады.

Реклама
Реклама

Түсіндіру үшін Sergek Group-қа хабарластық. Олар қазір рұқсат етілген дыбыс деңгейінен асатын дыбыс көздерін анықтай алатын жабдықты сынақтан өткізіп жатқаны белігіл болды. Осылайша, видеоға түсірілген құрылғы дыбыс датчигі болып шықты. Ол сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

"Акустикалық сенсор ерекше қатты дыбыстарды (атыс, жарылыс, айқай) анықтауға қабілетті, сонымен қатар қаланың "акустикалық ластану" деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Микрофоннан айырмашылығы, мұндай сенсор дыбысты жазбайды, тек әр 100 миллисекунд сайын дыбыс деңгейін (шу деңгейін өлшегіш) анықтайды. Бұл жыл басында Digital Almaty форумында жариялаған әзірлеменің прототипі", - деді компания өкілдері.

Sergek Group мәліметінше, қазір олар техникалық сипаттамаларын, ауа райына төзімділігін және жабдықтың өлшеу сапасын тексеріп жатыр. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін жоба уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram