25 қаңтар 2021 | 13:38

Сергей Громов экология вице-министрі қызметінен босатылды

Сергей Громов. Фото:parlam.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында туған. Әр жылдары аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, аппарат басшысы, төраға орынбасары, Nur Otan халықтық-демократиялық партиясының хатшысы, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 

Реклама
Реклама

2013-2016 жылдары - ҚР Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 

2016-2019 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. 2019 жылғы тамыздан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная