Сергей Компаниец оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Сергей Компаниец оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды Фото:gov.kz

Сергей Компаниец Қазақстанның оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Компаниец Қазақстанның оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Жұлдыз Сүлейменова жаңа вице-министрді ұжымға таныстырды.

Вице-министр лауазымында Сергей Компаниец білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу бағыттарына жетекшілік етеді.

Жарнама
Жарнама

Сергей Компаниец 1986 жылы Ақмола облысы Жарқайың ауданының Тассуат ауылында дүниеге келген. Астананың Мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетті және Джордж Вашингтон университетін бітірген.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Ақпарат және тестілеу орталығы" ММ-де жүйе технигі, директордың орынбасары, директор болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2011 жылға дейін "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ-да департамент директоры және Премьер-министр кеңсесінің "Алмас" РМҚК директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдан 2020 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда, Шымкент әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, сондай-ақ "Shymkent" ӘКК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2020 жылдан 2024 жылға дейін Түркістан әкімінің кеңесшісі, "Turkistan" АЭА БК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, AMANAT партиясы орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама